193просмотров
14.2%от подписчиков
23 февраля 2026 г.
Score: 212
Бүгін ұлттық жобада сапаны қалай қамтамасыз еткеніміз туралы қысқаша айтайын. 208 мектепті бір мезетте салу – тек көлем емес, үлкен жауапкершілік. Сондықтан басты назар қатаң бақылау жүйесіне аударылды. Техникалық қадағалау мамандарын іріктеуде жоғары талап қойылды. 1200 орыннан асатын мектептерге «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС-нің тәжірибелі инженерлері тартылды. Әр нысанда күн сайын үш бағыт бойынша бақылау жүргізілді:
▪️ құрылыс жұмыстары;
▪️ инженерлік желілер;
▪️ жабдықтау және материалдық база. Бақылау бір адамның қолында болған жоқ. Әр бағытты жеке сарапшы қадағалады. Жасырын жұмыстар тексерілді, материал сапасы қаралды, жобалық шешімдердің ауытқусыз орындалуы қамтамасыз етілді. Авторлық қадағалау да жүйелі түрде жүргізілді. Жобалаушылар нысандарға екі күнде бір рет барып, барлық өзгерістерді өздері мақұлдап отырды. Жобаны өз бетінше өзгертуге жол берілген жоқ. Құрылыс цифрлық мониторинг арқылы бақыланды: әр учаскеге сегіз бейнекамера орнатылып, жұмыс барысы онлайн қадағаланды. Тәртіп бұзушылықтар жедел анықталып, шара қолданылды. Біздің қағидат қарапайым: кез келген ғимарат – ең алдымен қауіпсіздік пен сапа. Ал ауқымды жоба кезінде бұл талап еселене түседі.