262просмотров
19.3%от подписчиков
30 января 2026 г.
Score: 288
Құрылыс саласында жылдар бойы шешімін таппай келген негізгі мәселе -қағазбастылық пен процестердің жабықтығы. Біз бұл түйінді мәселені үстірт емес, жүйелі түрде шешуді жөн көрдік. Осы мақсатта Samruk-Kazyna Construction құрылыс саласында алғаш рет eQurylys цифрлық ақпараттық жүйесін енгізді. 2024 жылғы 13 мамырда қағаз айналымы өткеннің еншісінде қалды. Дәл осы күні атқарылған жұмыстардың алғашқы электрондық актісі рәсімделіп, төлем жүргізілді. Осы сәттен бастап Жүйені енгізудің бастапқы кезеңінде күмән да, қарсылық та болды. Кейбір мердігерлер бұрынғы тәртіпке оралу қажет екенін алға тартты. Алайда уақыт өте келе нақты нәтижені көрді. – атқарылған жұмыс актілері автоматты түрде қалыптастырылады; – құжаттарды тексеру мен бекіту 2–3 күннің ішінде аяқталады, құжаттарды ұстап, қол жинау үшін елді апталап не одан да ұзақ уақыт шарлаудың қажеті жоқ; – төлем тек жобалық-сметалық құжаттама мен нақты орындалған жұмыстар толық сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады; – жүйеге сырттан араласуға немесе деректерді қолмен өзгертуге техникалық тұрғыда жол берілмейді. Маңыздысы сол - барлық әрекет жүйеде тіркеліп отырады. Қай маман, қай уақытта, қандай шешім қабылдағаны нақты көрініп тұрады. Цифрландыру - сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жүйелі түрде болдырмау, жұмыс үдерістерін жеделдету, мемлекет, тапсырыс беруші және мердігер арасындағы сенімді нығайту.
262
просмотров
1370
символов
Нет
эмодзи
Нет
медиа

Другие посты @jailymektep

Все посты канала →
Құрылыс саласында жылдар бойы шешімін таппай келген негізгі — @jailymektep | PostSniper