229просмотров
16.9%от подписчиков
20 января 2026 г.
🎬 ВидеоScore: 252
Павлодар қаласының «Сарыарқа» шағын ауданында келешек мектебінің таспасы қиылды. Бір ауысымыда 600, екі кезекте 1200 оқушыға арналған оқу ұясы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тұрғызылды. №47 мектеп балалардың арманына қанат бітіріп, білім мен тәрбие тоғысқан киелі шаңыраққа айналмақ. Білім ордасында қарапайым оқу кабинеттері мен зертханалардан бөлек, STEM-зертхана, робототехника кабинеттері мен ұсақ-түйегінен бастап, үлкен қондырғыларға дейін жабдықталған шеберханалар бар. Ал болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін бір үлкен, бір кіші спорт залы, футбол алаңы, баскетбол мен волейбол алаңдары, жүгіру жолақтары орын тепкен. Келешек мектебінің салтанатты ашылу салтанатына қатысқан Павлодар облысының әкімі Асаин Байханов оқушыларға жарқын жеңістер, ұстаздарға сарқылмас шабыт тіледі. Өңір жетекшісі құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақыты аяқталғанын атап өтіп, осы жұмысты нәтижелі үйлестірген бірыңғай дирекция Samruk-Kazyna Construction компаниясына ризашылығын білдірді.