228просмотров
16.8%от подписчиков
26 февраля 2026 г.
🎬 ВидеоScore: 251
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы бойынша солтүстік өңірлерде салынатын барлық жаңа мектептердің аумағында хоккей корттарын орнаттық. Бұл нысандар тек оқушыларға ғана емес, көрші шағын аудандардың, ауланың балаларына да ашық, кешкі уақытта және демалыс күндері қолжетімді болуы тиіс. Өйткені чемпиондар ең алдымен ауладан шығады. Мұның айқын мысалын Канада тәжірибесінен көруге болады: әр елді мекен мен шағын ауданда ашық мұз айдындары бар, балалар ерте жастан коньки тебуге үйренеді. Соның нәтижесінде хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан тұрақты түрде мықты спортшылар өсіп шығады. Бүгінде қазақстандық жас спортшылар да халықаралық жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүр. Соның ішінде мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров ел намысын абыроймен қорғап, Олимпиада чемпионы атанды. Жас хоккей командаларымыз шетелдік турнирлерде топ жарып жүр. Егер хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан жүйелі түрде чемпиондар тәрбиелегіміз келсе, жұмысты мектеп қабырғасынан бастау қажет.