208просмотров
15.3%от подписчиков
9 февраля 2026 г.
🎬 ВидеоScore: 229
Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында келешек мектебінің таспасы қиылды №8 жалпы білім беретін мектеп бір ауысымда 900 оқушыға арналған. Нысанның салтанатты ашылуын жергілікті тұрғындар тағатсыздана күтті. Соңғы заман үлігісіне сай салынған білім ордасы - Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нақты жемісі. Маңызды нысан ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен өңір тумасы, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығымен тұспа-тұс келіп, қуанышты еселеді. Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өңірде ұлтттық жоба аясында жалпы сыйымдылығы 4500 орындық алты мектеп ашылғанын атап өтті. Жаңа мектепте бастауыш, орта және жоғары буындарға арналған жеке блоктар, STEAM-зертхана, робототехника сыныптары, спорт және хореография залдары мен шеберханалар қарастырылған. Мектептің құрылыс барысын біоыңғай дирекция «Samruk-Kazyna Construction» АҚ қадағалады. Үшқабатты оқу ұясын мердігер ұйым «Antarium Group» ЖШС салып, қолданысқа берді.