237просмотров
27.0%от подписчиков
18 марта 2026 г.
📷 ФотоScore: 261
🌱 АТАМ МЕН ӘЖЕМНІҢ БАҚШАСЫ ОГОРОД БАБУШКИ И ДЕДУШКИ 🗓 299-КҮН / 299-Й ДЕНЬ 📌 Глагол дня: егу - сажать, сеять Біртіндеп күн жылынып келеді, және бақшасы бар көптеген адамдар онда әртүрлі көкөністерді отырғызуға дайындалып жатыр. Постепенно становится тепло и многие, у кого есть огород готовятся к тому, чтобы посадить в нем различные овощи. Әкем Ресейден қызанақтың жаңа сұрпына тапсырыс беріп қойды. Мой папа уже заказал из России новый сорт помидоров. Оның бақшасында басқа көкөністер жоқ. У него в огороде из овощей больше ничего нет. Ал менің ата-әжем тірі кезде, көктем мен бақша олар үшін «егіс науқаны» деп аталатын үлкен бір оқиға болатын. А вот когда живы были мои бабушка и дедушка, то весна и огород были для них событием, которое называлось посевная. Бір жылы мен екінші сыныпта оқып жүргенде ауылда, олардың қасында болдым. Один год я жил у них в деревне во втором классе. Көктемде олардың бақшасына трактор келіп, соқамен бүкіл жерді жыртып шықты. Весной к ним в огород приехал трактор и плугом распахал весь огород. Содан кейін атам күрекпен, әжем екеуі түрлі көкөністер мен жидектерді егіп, отырғызатын. Потом дедушка с лопатой, бабушка сажали и сеяли там разные овощи и ягоды. Бақшаның ең шетінде асқабақ болды. В конце огорода у нас была тыква. Одан кейін үлкен картоп егілген қатар болды. Потом большая грядка с картошкой. Бақшаның шеттеріндегі арықтың бойымен біз күнбағыс пен жүгері отырғызатынбыз. По краям огорода вдоль арыка мы садили подсолнухи и кукурузу. Одан кейін кәді мен баялды, қызылша, болгар бұрышы және үрме бұршақ болды. Затем шли кабачки и баклажаны, свекла, болгарский перец и фасоль. Олардың артынан қарбыз бен қауын егілген қатарлар болатын. После них были грядки с арбузами и дынями. Одан әрі қияр, қызанақ, сәбіз, қырыққабат және шалғам болды. Далее огурцы, помидоры, морковь, капуста и редис. Ал ең жақын жерде көк шөптерге арналған шағын қатарлар болды: сарымсақ, пияз, ақжелкен, аскөк. Ну и ближе всего были небольшие грядки с зеленью, это чеснок, лук, петрушка укроп. Сондай-ақ бақшаның алдыңғы жағында құлпынай мен мүкжидек егілген қатарлар болды. Также в передней части огорода были грядки с клубникой и клюквой. 📓 Cловарь | 📘 Грамматика | 🎯 Упражнения | 📹 Разбор | 💬 Обсуждение