249просмотров
28.4%от подписчиков
13 марта 2026 г.
📷 ФотоScore: 274
😩 КЕЙДЕ МӘСЕЛЕЛЕР БІРДЕН ШЕШІЛМЕЙДІ, СОНДЫҚТАН БҰЛ БІЗДІ МАЗАЛАЙДЫ ИНOГДА БЫВАЕТ, ЧТО ПРОБЛЕМЫ НЕ СРАЗУ РЕШАЮТСЯ, И ЭТО НАС ГРУЗИТ 📅 294-КҮН / 294-Й ДЕНЬ 📌 Глагол дня: шешу — решать, снимать, разрешать Мен кеңсеге кіргенде, ештеңе кедергі жасамасын деп, аяқ киімді және жемпірді шешемін, сол кезде ойлану жеңілірек болады. Когда я прихожу в офис, я снимаю обувь и кофту, чтобы мне ничего не мешало и легче думалось. Өзімнің ыңғайлы креслома отырып жұмыс істеймін. Сажусь в своё удобное кресло и работаю. Бірақ осы бейсенбі күні бұл маған көмектеспеді. Но в этот четверг мне это не помогло. Кейбір жобалар бойынша шешілмеген тапсырмалар қалып қойған еді. По некоторым проектам оставались нерешённые задачи. Бір жаңа клиент мені үшінші аптадан бері күтіп жүрген, бірақ ескі тапсырмалар жабылмағандықтан мен оны ала алмадым. Один новый клиент ждал меня уже третью неделю, и я не мог взять его из-за незакрытых старых задач. Сонымен қатар мен ертеңге қазақ тілінен мақаламды әлі жазып үлгермеген едім. К тому же я ещё не написал статью на завтра по казахскому. Кеш болып кеткен еді, сол кезде әйелім чатқа жазып, мені үйде күтіп отырғанын айтты. Было уже поздно, и жена написала в чат, что она ждёт меня дома. Мен кеңседегі гүлге қарадым, ол дерлік солып қалған болатын, сосын ойладым: «Неге кейде ешнәрсе шешілмейтін сондай қиын сәттер болады екен?» Я посмотрел на своё растение в офисе, которое почти завяло, и подумал: «Почему иногда бывают такие трудные моменты, когда ничего не решается?» Сосын мен өсімдікке жақындап барып қарасам, ортасында жаңа бір өскін шығып келе жатыр екен. Потом я подошёл поближе к этому растению и увидел в середине новый росток. Бұл маған жеткілікті болды — мен үшін бұл бір белгі сияқты болды. Этого было достаточно — для меня это был знак. Мен әйеліме: «Мен келемін, жаным», — деп жаздым. Я написал жене: «Я иду, милая». Сол сәтте осы мақаланың идеясы ойыма келді. В этот момент у меня появилась идея этой статьи. Мен жаңа жобадан бас тартамын деп шештім, ал қалған тапсырмаларды біртіндеп аяқтаймын. Я решил отказаться от нового проекта, а оставшиеся задачи буду постепенно завершать. 📓 Cловарь | 📘 Грамматика | 🎯 Упражнения | 📹 Разбор | 💬 Обсуждение