S
Super bol!
@super_bol699 подп.
704просмотров
5 мая 2025 г.
Score: 774
SUPER BOL – Жаңа кезең Үш жыл бұрын Қазақстанда SUPER BOL атты әлеуметтік жоба басталды — бұл кәсіби футболшы болуды армандайтындар үшін бірегей кастинг. Эксперимент ретінде басталған бұл бастама бүгінде елімізде және оның шегінен тыс жерде мыңдаған жасөспірімді біріктірген нағыз қозғалысқа айналды. Алғашқы жыл – пилоттық маусым – Қазақстанның 8 қаласын қамтыды. Күмәндандық, сынап көрдік, сендік. Екінші жыл – нағыз серпіліс: 14 өңір, рекордтық қатысушылар саны, аншлаг. Ал 2024 жылы SUPER BOL ұлттық шекарадан асып, Орталық Азия елдері – Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан арасындағы достық көпіріне айналды. Жоба мәдени байланыстарды нығайтты, жастарға шабыт берді, арман мен шындық арасындағы шекараны жойды. SUPER BOL жай ғана жоба емес – бұл кеңістік, мүмкіндік, жол. Жоба жас спортшыларға алғашқы өтінімнен бастап кәсіби клубтармен келісімшартқа дейінгі барлық кезеңдерден өтуге мүмкіндік берді. Бұл ауқымды бастаманың артында Тимур Турлов пен Freedom Holding Corp. секілді жандардың баға жетпес үлесі жатыр. Олардың үлкен жүрегі, жастарға деген сенімі және белсенді әлеуметтік ұстанымы мыңдаған жас футболшыларға арман үшін күресуге шабыт берді. Бүгін SUPER BOL саналы түрде үзіліс алады. Бұл аяқталу емес – жаңа тараудың басталуы. Жоба ребрендингке кетіп, бұрынғыдан да күшті, заманауи әрі ауқымды болып оралады. SUPER BOL 4.0 — әзірлену үстінде. Әрбір қатысушыға, жаттықтырушыға, жанкүйерге және серіктеске алғысымыз шексіз. Сіздер SUPER BOL-ды бүгінгі деңгейге жеткіздіңіздер. Біз жақын арада ораламыз. Жаңа идеялармен, жаңа форматтармен және жаңа миссиямен. Жаңалықтарды жіберіп алмаңыз. Қайтып оралуымыз – жарқын болады!
704
просмотров
1646
символов
Нет
эмодзи
Нет
медиа

Другие посты @super_bol

Все посты канала →
SUPER BOL – Жаңа кезең Үш жыл бұрын Қазақстанда SUPER BOL ат — @super_bol | PostSniper