6.2Kпросмотров
60.6%от подписчиков
26 августа 2025 г.
Score: 6.9K
📌 Бизнес-жоспар мен видео-визитканы қалай тапсыруға болатындығы жөнінде қадамдық нұсқаулық Құрметті қатысушылар! Еске саламыз: конкурсқа толық қатысу үшін үш элементті жүктеу қажет:
🔹 Бизнес-жоспар
🔹 Фото және анықтамалар («Әрекеттегі бизнес» санаты үшін)
🔹 Бейне визитка
Оларсыз өтінім қабылданбайды. Қадамдық нұсқаулық: 1-ҚАДАМ. Бизнес-жоспарды толтыру
Байқаудың анкетасын ашып, барлық сұрақтарға толық жауап беріңіз. Бұл жай ғана формалдылық емес — жақсы ойластырылған бизнес-жоспар сізге жобаны тереңірек түсінуге, тәуекелдерді және артықшылықтарды алдын ала көруге көмектеседі. ⏱ Орта есеппен толтыруға 1,5–3 сағат қажет. Маңыздысы: сіз жауаптарды сақтап, кейін қайта жалғастыра аласыз. Анкета бөлімдері:
• Бизнес-идея
• Нысаналы аудитория
• Қаржылық жоспар
• Сала мен бәсекелестерді талдау
• Маркетингтік жоспар
• Қысқаша эссе 👉 IT-жобалар үшін қосымша бөлімдер қарастырылған: «Техникалық іске асыру және қауіпсіздік» және «Аналитика». 2-ҚАДАМ. Фото және анықтамалар
📷 Сапалы, сүзгілерсіз және логотипсіз жеке портретіңізді жүктеңіз.
📑 «Әрекеттегі бизнес» үшін тіркеу туралы анықтаманы/куәлікті тіркеңіз. 3-ҚАДАМ. Видео-визитка
🎥 Соңғы қадам — 90 секундқа дейінгі қысқа вертикалды видео (сторис форматында). Видеода айтып беріңіз:
• Жобаңыз және оның құндылығы туралы
• Неліктен дәл сіз қатысуыңыз керек
• Сізді және идеяңызды ерекше ететін нәрсе ⚡ Маңызды: бизнес-жоспар мен бейне визитканы жүктегеннен кейін, оларды ауыстыру мүмкін болмайды. 📌 Қатысу ережелері мен мерзімдері
Байқаудың толық ережелері сайтта сілтеме арқылы қолжетімді:
🔗 Ережелерді қарау ❗ Өтінімдерді қабылдау 5 қыркүйекке дейін ашық. Өз идеяңызбен уақтылы бөлісіп, өзіңізді көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!