383просмотров
24.7%от подписчиков
27 февраля 2026 г.
Score: 421
Бизнеске арналған оқыту: таңбаланған өніммен және Ұлттық тауарлар каталогымен қалай жұмыс істеу керек Қазақстан Республикасында Ұлттық тауарлар каталогын енгізуге, сондай-ақ сыра мен мотор майларын таңбалауға байланысты Бірыңғай оператор бөлшек саудада тауар өткізушілер үшін «Таңбаланған өніммен жұмыс істеу және ҰТК-ға қатысты кейбір мәселелер» тақырыбында вебинар өткізеді. 📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 3 наурыз 🕚 Уақыты: 11:00 💻 Форматы: онлайн, Teams платформасы Қосылу сілтемесі: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_NjAzOTcxMmUtNGM3NC00OGNmLTllNDMtNWNkOTU0NzIxMmZi%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%22e4e14a8b-e317-450b-bf86-b8fe9b28338c%22%2c%22Oid%22%3a%22012af6ec-2a1d-46ca-a052-3a6089149885%22%7d Вебинар аясында мына мәселелер қарастырылады: - таңбалауға қойылатын негізгі талаптар; - бөлшек саудада таңбаланған өніммен жұмыс істеу тәртібі; - жиі кездесетін қателер және олардың алдын алу жолдары; - жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар. Сонымен қатар вебинарға кассалық жабдықтар мен есепке алу жүйелерін өндірушілердің өкілдері қатысады. Олар таңбалауға байланысты енгізілген жаңартулар, интеграция ерекшеліктері және өз шешімдерімен жұмыс істеудің практикалық аспектілері туралы айтып береді. Сіздерді вебинарға қатысуға, сондай-ақ таңбаланған өніммен дұрыс әрі уақтылы жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін ақпаратты бөлшек сауда субъектілері арасында таратуға шақырамыз.
383
просмотров
1404
символов
Нет
эмодзи
Нет
медиа

Другие посты @markirovkatovarov

Все посты канала →
Бизнеске арналған оқыту: таңбаланған өніммен және Ұлттық тау — @markirovkatovarov | PostSniper