678просмотров
31.7%от подписчиков
23 февраля 2026 г.
statsScore: 746
🚀 AI ХАКАТОН 2026 | ТҮРКІСТАН Жасанды интеллект арқылы қаржылық қауіпсіздікке үлес қосуға дайынсың ба? 📌 «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕ» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңді AI Хакатон өтеді! 📍 Өтетін орны: Түркістан қаласы, Congress Hall 📅 Күні: 25–26 ақпан 2026 жыл 📌 Форматы: онлайн + офлайн 🎯 Ұйымдастырушылар: – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті – Түркістан облысы әкімінің аппараты – Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 👥 Қатысушылар: Түркістан облысының мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының оқушылары мен студенттері. Команда құрамы: 2–5 адам 1 жетекшіге (мұғалім/оқытушы/тәлімгер) рұқсат етіледі. 🧠 5 бағыт бойынша жобалар қабылданады: 1️⃣ AI Digital Trace – Telegram платформасындағы заңсыз сатушыларды анықтау 2️⃣ Лудоманияға қарсы AI – ойын тәуелділігін ерте анықтау және алдын алу 3️⃣ Мемлекеттік сатып алуларды AI-талдау – манипуляциялық техникалық ерекшеліктерді анықтау 4️⃣ Заңсыз интернет-ресурстарды AI-мониторингтеу – онлайн-казино, пирамидалар, алаяқтық сайттарды анықтау 5️⃣ Open AI Challenge: Қаржылық қауіпсіздік – алаяқтық, көлеңкелі схемалар, қаржылық тәуекелдерге қарсы еркін бағыт 📌 Жоба талаптары: ✔ Жоба AI технологияларына негізделген болуы тиіс ✔ MVP немесе дайын IT-шешім деңгейінде ұсынылуы қажет ✔ Практикалық қолдануға және масштабтауға жарамды болуы тиіс ✔ Авторлық жұмыс болуы міндетті ✔ Академиялық адалдық пен ҚР заңнамасына толық сәйкес болуы қажет 📅 I кезең – Онлайн іріктеу 🗓 Өтінімдер 23 ақпан 2026 жыл, 23:59-ға дейін қабылданады – Өтінім мына https://ai-hackathon.ayu.edu.kz хакатонның ресми интернет-ресурсындағы тіркеу формасы арқылы беріледі – Жоба материалдары (8 бетке дейінгі презентация, MVP сипаттамасы, демо-сілтеме және т.б.) 📧 ai-hackathon@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберіледі – Хакатонның ресми интернет-ресурсында хакатон туралы толық ақпарат қамтылған ережемен таныса аласыздар 📌 Әр бағыт бойынша 3 командадан, барлығы 15 команда финалға өтеді. 🏁 II кезең – Финал (офлайн) 📍 26 ақпан 2026 жыл 📌 Түркістан қаласы, Congress Hall Формат: 3 минут – таныстыру 2 минут – сұрақ-жауап Қазылар алқасы: мемлекеттік орган өкілдері, ЖОО сарапшылары, AI және IT мамандары. 🏆 Жүлде қоры — 10 000 000 ₸ Әр бағыт бойынша — 2 000 000 ₸: 🥇 I орын – 1 000 000 ₸ 🥈 II орын – 700 000 ₸ 🥉 III орын – 300 000 ₸ #AIHackathon #AIDәуірі #Түркістан #ЖасандыИнтеллект #CyberSecurity #FinTech #Students #FutureBuilders
678
просмотров
2488
символов
Да
эмодзи
Нет
медиа

Другие посты @itech_su

Все посты канала →
🚀 AI ХАКАТОН 2026 | ТҮРКІСТАН Жасанды интеллект арқылы қарж — @itech_su | PostSniper