762просмотров
20.6%от подписчиков
29 марта 2026 г.
📷 ФотоScore: 838
Бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған Иоан Атанасчев Instagram желісіндегі парақшасында клубпен қоштасу жазбасын жариялады. Маман өз сөзінде: «Менің Қазақстандағы сапарым өз мәресіне жетті. Бұл кезең көптеген қиындықтарға толы болды, бірақ сонымен қатар жарқын әрі есте қаларлық сәттер де аз болған жоқ. Осы клубта бапкердің көмекшісі ретінде жұмыс істеуге мүмкіндік алғаныма алғыс айтамын. Мен бар күш-жігерімді салып, аянбай еңбек еттім. Біздің жұмысымызға қолдау көрсеткен жандардың барлығына рақмет. Әр матч сайын қолдау білдірген жанкүйерлерге ерекше алғысымды білдіремін. Рақмет! Ақтөбеге сәттілік тілеймін!» — деп жазды.