A
Avtobys
@avtobyskz8.6K подп.
1.6Kпросмотров
18.9%от подписчиков
16 марта 2026 г.
📷 ФотоScore: 1.8K
Алматыда Avtobys виртуалды жеңілдік тарифі іске қосылды ✅ Енді қала тұрғындары жеңілдікпен жол жүруді Avtobys жүйесі арқылы толық онлайн рәсімдей алады — кеңселерге барудың және қағаз өтініш толтырудың қажеті жоқ. Жеңілдікті қалай рәсімдеуге болады: 1️⃣ Avtobys қосымшасын жүктеп, тіркелу 2️⃣ Басты беттегі «Жеңілдік тарифін рәсімдеу» батырмасын басу 3️⃣ Өтінім беріп, тексерілуін күту (3 жұмыс күніне дейін) Өтінім мақұлданғаннан кейін жеңілдік телефон нөміріне тіркеліп, қосымшада цифрлық көлік картасы ретінде жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Алматыда Avtobys жүйесі келесі автобус маршруттарында жұмыс істейді: №51, №117, №219, №221, №228, №234, №258, №33, №232, №4, №85, №8 және №54. Жаңа маршруттарды қосу кезең-кезеңімен жалғасуда.
1.6K
просмотров
741
символов
Нет
эмодзи
Да
медиа

Другие посты @avtobyskz

Все посты канала →