A
AutoReport
@auto_report2.1K подп.
630просмотров
29.6%от подписчиков
17 марта 2026 г.
Score: 693
🔹️Ақылы жолдарда төлем жасау ережелері жеңілдетілді   Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі ақылы жолдарымен жүру ақысын төлеу тәртібіне өзгерістер енгізді. Тиісті бұйрыққа қол қойылды. Жаңа өзгерістер ақылы жолдарды пайдаланушылар үшін төлем жасау тәртібін жеңілдетіп, икемдірек етуге бағытталған. Сондай-ақ жолақысын уақытында төлемегені үшін жүргізушілердің әкімшілік жауапкершілікке тартылу жағдайларын азайту көзделіп отыр. Бұған дейін қолданыста болған нормаға сәйкес, жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемеген жағдайда, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес қарау үшін көліктік бақылау органдарына жіберілетін. Енді жаңа тәртіп бойынша, егер жеке тұлға жол жүрген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар 31-ші күні заңнамада белгіленген тәртіппен көліктік бақылау органдарына жолданады. Сонымен қатар алғаш рет жеке және заңды тұлғалар үшін бөлек тәртіп енгізіліп отыр. Егер заңды тұлға есепті айдан кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көліктік бақылау органдарына жіберіледі. Аталған өзгерістер республикалық маңызы бар ақылы жол учаскелерімен жүргені үшін төлем жасауға жүргізушілерге қосымша уақыт береді. Қол қойылған бұйрық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. 🔹️Минтранс смягчил правила оплаты на платных дорогах   Министерство транспорта Республики Казахстан утвердило изменения в правила, регулирующие порядок оплаты проезда по платным автомобильным дорогам – подписан соотвествующий приказ. Документ предусматривает более гибкий и удобный механизм оплаты для пользователей платных дорог и направлен на снижение случаев привлечения водителей к административной ответственности из-за несвоевременной оплаты. Ранее действовала норма, согласно которой если водитель не оплачивал проезд в течение семи календарных дней, на восьмой день материалы направлялись в органы транспортного контроля для рассмотрения в установленном порядке в соответствии с Кодекс Республики Казахстан «Об административных правонарушениях». Теперь вводится более мягкий механизм. Если физическое лицо не произведет оплату в течение 30 календарных дней со дня проезда, материалы будут направляться в органы транспортного контроля на 31-й день в порядке, предусмотренном законодательством. Кроме того, впервые вводится раздельный порядок для физических и юридических лиц. Если юридическое лицо не произведет оплату до 20-го числа месяца, следующего за отчетным, материалы будут направляться в органы транспортного контроля на следующий день. Предлагаемые изменения позволят водителям иметь больше времени для оплаты за проезд по платным участкам дорог республиканского значения. Подписанный приказ вводится в действие по истечении 10 календарных дней после дня его первого официального опубликования, в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан.
630
просмотров
3014
символов
Нет
эмодзи
Нет
медиа

Другие посты @auto_report

Все посты канала →
🔹️Ақылы жолдарда төлем жасау ережелері жеңілдетілді   — @auto_report | PostSniper