583просмотров
33.3%от подписчиков
5 марта 2026 г.
📷 ФотоScore: 641
Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры К.Т.Куангалиева конькимен жүгіру спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанған Вадим Чебардаковты қабылдады! Вадим Инцелледегі (Германия) жарысында масс-стартта жеңіске жетіп, Қазақстанға алтын медаль әкелді! Осылайша Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатын 7 медальмен аяқтады! Кездесу барысында Вадим Чебардаков университет басшылығына болашақ жоспарлары мен спорттағы жетістіктері жайлы айтып, Қазақ ұлттық спорт университетіне оқуға түсу ниетін жеткізді.
Университет ректоры жас әрі талантты спортшыға алдағы халықаралық жарыстарда биік белестер тілеп, қолдау білдіріп, сәттілік тіледі.