542просмотров
31.0%от подписчиков
4 марта 2026 г.
stats📷 ФотоScore: 596
2026 жылғы 2-3 наурыз күндері KNUS-та «ЖОО-ның білім беру үдерісіне ЖИинтеграциялау: әдіснама, цифрлық құралдар және практикалық шешімдер» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Оқу-әдістемелік семинардың мақсаты – ПОҚЖИ мүмкіндіктері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және оны жоғары мектептің білім беру үдерісіне тиімді енгізу бойынша практикалық дағдыларды дамыту.
Қонақ спикер ретінде п.ғ.к., «Өрлеу» ҰБАО» АҚ Басқарма төрағасы А.С.Шилибекова сөз сөйлеп, ЖИ дәуіріндегі білім берудің трансформациясы және педагогтің кәсіби құзыреттеріне қойылатын заманауи талаптар туралы баяндама жасады.
Семинар білім беру үдерісін цифрлық трансформациялаудың практикалық аспектілеріне, педагогикалық қызметте ЖИқұралдарын жүйелі түрде енгізуге және әдіснамалық тәсілдерді жетілдіруге арналды.