A
ADAL PRESS
@adalpress16198 подп.
54просмотров
27.3%от подписчиков
11 ноября 2025 г.
🎬 ВидеоScore: 59
Берік Уәли әлеуметтік желідегі сын мен шағымдарды жеке өзі бақылайтынын айтты Абай облысының әкімі Берік Уәли әлеуметтік желілердегі парақшаларын өзі жүргізіп, тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарын тікелей жеке өзі бақылап отыратынын айтты. Әкімнің айтуынша, әлеуметтік желілер бүгінде билік пен халық арасындағы басты байланыс құралына айналған. – Мен өзімнің әлеуметтік желідегі парақшаларымды өзім жүргіземін. Қазір сіздердің алдарыңызда тұрып та, желілерді бақылап қоямын. Барлық жазбалар мен посттар – өзімнің қолымнан шығады. Халықтың әлеуметтік желіде көтеріп жатқан мәселелерін күн сайын қарап, өзім назарға аламын. Егер қандай да бір өзекті мәселе байқалса, оны дереу орынбасарларыма, басқарма басшыларына немесе аудан әкімдеріне жолдаймын. «Мынаны тез арада шешу керек» деген тапсырмаларды өзім беремін, – деді Берік Уәли. Ол әлеуметтік желі арқылы халықпен кері байланыс орнатудың тиімді екенін атап өтті. – Әлеуметтік желі – қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлігі. Сол арқылы біз тұрғындардың шынайы пікірін естіп, мәселелерге жедел әрекет ете аламыз. Бұл менің күнделікті жұмысымның бір бөлігі, – деді облыс әкімі. Берік Уәлидің айтуынша, әлеуметтік желілерде көтерілген сын-ескертпелер мен ұсыныстар облыс әкімдігінің назарында және оларды шешу бағытында нақты жұмыстар атқарылып жатыр. Толығырақ Ұлыстан оқи отырыңыздар 📱Ұлысқа жазылыңыз
54
просмотров
1362
символов
Нет
эмодзи
Да
медиа

Другие посты @adalpress16

Все посты канала →