846просмотров
53.9%от подписчиков
26 ноября 2025 г.
📷 ФотоScore: 931
Біздің түлектер қауымдастығы университет өмірінің маңызды бөлігі болып қала береді. Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шаралар қарсаңында Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің 2010 жылғы түлектері ҚБТУ ғылыми кітапханасына заманауи көрме стеллаждарын және Абай шығармалары мен Абай туралы әдебиеттер топтамасын сыйға тартты. Бұл — жай ғана сыйлық емес.
Бұл ұлы ойшылға деген құрмет пен ҚБТУ буындарының арасындағы рухани байланыстың белгісі – кеше оқығандар мен бүгін білім алып жатқан жастар арасындағы көпір. Түлектердің бастамасының арқасында: кітапхана қоры құнды басылымдармен толықты оқу кеңістігі ыңғайлы, заманауи және эстетикалық бола түсті
* «Абай – дәуірлерден жеткен үн» көрмесі көркем әрі жылы безендірілді. Түлектерге alмa mater-ге деген ықыласы, қолдауы және жанашырлығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз.
Сіздердің игілікті істеріңіз ҚБТУ-дың болашақ студенттеріне шабыт сыйлайды!